Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
520.39 609.58 6.63

Абай облысының оқушысы Айбын тарихында жаңа рекорд орнатты

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Жарма ауданы, Қалбатау ауылындағы Маяковский мектебінің 10-сынып оқушысы Ника Бритнер «Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында үздік көрсеткіш көрсетіп, «Үздік жас сарбаз» атанды.

Пневматикалық винтовкамен дәл көздеуде, автомат бөлшектеу мен жинауда шеберлігін көрсетсе, шалқасынан жатып кеудені 1 минутта 88 рет көтеріп, Айбын тарихындағы жаңа рекорд орнатты.

Бұған қоса, «Айбын Жұлдызы» сахнасында өнер көрсетіп, өзінің шығармашылық қырын да көпшілікке паш етті.

Ника бұл жеңісін Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арнап, «Әлия – жауынгер рухтың символы. Менің әр жетістігім – сол рухтың жалғасы», – деп атап өтті.

Абай елінің намысын қорғау үлкен мәртебе екенін айтып, бұл жетістігін хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арнайтынын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив