Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.87 535.09 5.42

Абай облысында 200 полицей "Адай" күйін орындады

30-06-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық домбыра күніне орай Абай облысында ерекше флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шара Семей қаласындағы Абай музейінің алдында өтті — бұл халқымыздың рухани құндылықтары тоғысатын қасиетті мекен.

Акцияға 200 полиция қызметкері қатысты. Құқық қорғау саласының өкілдері әйгілі Құрманғазының “Адай” күйін бір оркестр болып орындап, ұлттық мұрамызға деген құрметін көрсетті.

Домбыра үні халықтың жүрегіне жол тауып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл — полиция қызметкерлерінің заң мен тәртіп қана емес, ұлттың рухани болмысына да жақын екенін білдіретін жарқын белгі.

Іс-шара республикалық “Заң мен Тәртіп” акциясы аясында өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив