Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.29 613.28 6.62

Қазақстанда 2025 жылдың 5 айында 6,7 млн м2 флоат шыны өндірілді

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

«Orda Glass Lltd» шыны зауыты 2022 жылдың қазан айында іске қосылды. Компанияның жоғары сапалы флоат шыны өндіру желісіне ие, ол Орталық Азиядағы ең ірі шыны өндіру желісі болып табылады. Максималды тәуліктік өнімділік 600 тонна және жылдық өндірістік қуаты 197 100 тоннаны құрайды.

Іске қосылған сәттен бастап 28,7 млн м2 өндірілді. 2024 жылы 15,8 млн м2, сондай-ақ 2025 жылдың 5 айында – 6,7 млн м2 өндірді.

Негізгі өнімдерінің қатарына түссіз мөлдір қалқымалы шыны, түрлі-түсті қалқымалы шыны және қапталған шыны кіреді. Қазір шығарылатын өнімнің 70%-ы ішкі нарықта сатылады, ал үштен бірі Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия және Ресейге экспортталады.

Зауыт басым қызмет түрлерінің тізіміне кіреді. Қазақстандық тарап заттай грант ретінде зауыт құрылысына 50 гектар жерді тегін берді, қажетті инженерлік инфрақұрылымды іске қосты, белгілі бір уақытқа инвесторларды кедендік баждардан, корпоративтік табыс, жер және мүлік салықтарынан босатты.

2024 жылғы маусымда инвестор өз қаражаты есебінен энергия үнемдейтін шыны өндіру жөніндегі екінші жобаны іске қосты, оның қуаттылығы жылына 5 млн ш.м., құны 6,7 млрд теңге құрайды.

Табақ шыны өнімдері ұлттық режимнен алу тізбесіне енгізілген, бұл реттелетін сатып алулардан басым тәртіппен сатып алуға мүмкіндік береді. Зауытта осы кәсіпорынның түсті және энергия үнемдейтін әйнегі бойынша зертхана жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив