Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Абай облысында азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу сапасын арттыруға арналған семинар өтті

2-07-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен «Әкімшілік органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен тиімді жұмыс» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдар мен түрлі ұйымдардың өкілдері қатысты. Семинар барысында өтініштерді қарау кезінде жиі кездесетін заң бұзушылықтар, оларды болдырмау жолдары, азаматтармен қарым-қатынастың психологиялық қырлары және әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ «e-Otinish» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін жетілдіру және білім базасын кеңейтуге қатысты ұсыныстар айтылды. Қатысушылар нақты жағдайлар бойынша тәжірибе алмасып, өтініштермен жұмыс сапасын арттырудың тиімді жолдарын қарастырды.

Семинар нәтижесі ретінде азаматтардың өтініштерімен жұмысты жүйелеу және кері байланысты күшейту қажеттігі атап өтілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив