Абай облысында мүгедектігі бар жандардың мәселелері талқыланды
Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың ең басты мәселесі - баспана. Олардың көпшілігі екінші нарықтан баспана сатып ала алмайды. Сонымен қатар, жаңа пәтер алуда да белгілі бір кедергілер бар.
Бұл туралы Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбековтың қатысуымен өткен мүгедектігі бар жандармен кездесу барысында талқылады.
Сонымен қатар шарада мүгедектігі бар жандар жалғызбасты мүгедектігі бар жандар үшін бір бөлмелі пәтерлерді көптеп пайдалануға беруді сұрады, сондай-ақ протездердің тым қымбаттығын да көтерді. Дегенмен, биылғы жылы мүгедектігі бар жандарға протез сатып алуға бюджеттен қаржы қарастырылды, бұл мәселені оң шешуге болады.
Сондай-ақ Семейдегі инватакси мәселесіне назар аудару қажет екендігі айтылып, қалада бар болғаны 12 көліктің мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсететініне назар аударылды.
Мүгедектігі бар жандар кездесу барысында баспананы жекешелендіру мүмкіндігіне алаңдаулы екендіктерін жеткізді. Шалқар Байбеков бұл мәселені «Отбасы банкі» АҚ-мен және қала әкімдігімен бірлесіп шешуді тапсырды.