Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
518.37 609.97 6.6

Абай облысында Ұлы ойшылдың 180 жылдығына дайындық қарқын алды

Кеше, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы – ел руханияты үшін тарихи әрі тағылымды белес. Осыған орай Абай облысында мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында кешенді жұмыстар қолға алынды. Солардың бірі – волонтерлік қызметті үйлестіру мен жандандыру.

Қазіргі таңда мерейтой аясындағы іс-шараларға қатысатын еріктілер қозғалысын ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аталған мәселе төңірегінде қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен мамандары, жоғары оқу орындары мен колледждердің тәрбие ісі жөніндегі бөлім басшылары, сонымен қатар белсенді студент жастар бас қосып, маңызды сұрақтарды талқылады.

Шараға Абай облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Олжас Бейсенбаев пен Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Бақдәлет Жанділдаев арнайы қатысып, волонтерлік қызметтің бағыттары, атқаратын міндеттері мен оның қоғамдық маңызы жайында жан-жақты ақпарат ұсынды.

Сондай-ақ Бақдәлет Жанділдаев өз сөзінде V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде еріктілерді жұмылдыруда жинақталған тәжірибесімен бөлісіп, мерейтой аясында осы үлгіні қолданудың тиімді жолдарын ұсынды.

Кездесу ашық сұқбат форматында өрбіп, волонтерлік қозғалысты ұйымдастырудағы өзекті мәселелер, мотивациялық әдістер мен нақты іс-шаралар тетігі егжей-тегжейлі талқыланды. Қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ортақ мүдде жолында бірлесе әрекет етуге уағдаласты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив