Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.57 612.78 6.61

Абай облысында Діни бірлестік басшылары клубының отырысы өтті

26-06-2025, 19:30 018.kz

2025 жылғы 26 маусым күні Абай облысы Дін істері басқармасының қолдауымен және «Шығыс Жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Діни бірлестік басшылары клубының кезекті отырысы өтті.

Кездесу барысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған өңірлік іс-шараларға дайындық барысы кеңінен талқыланды. Клуб мүшелері ұлы ақынның рухани мұрасын насихаттау жолында діни бірлестіктердің қатысу мүмкіндіктері мен бастамаларын ортаға салып, нақты ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, еріктілер қозғалысы, жастармен кездесулер өткізу, мәдени-көпшілік іс-шараларға атсалысу секілді бағыттар бойынша бірлескен жұмыстар пысықталды.

Жиын аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясындағы экологиялық акциялардың өңірлік қорытындылары да қаралды. Аталған бастама шеңберінде облыста ұйымдастырылған тазалық шараларына белсенді үлес қосқан діни бірлестік өкілдеріне Абай облысы әкімдігінің атынан арнайы алғыс хаттар табысталды.

Клуб отырысы дін саласындағы өзара түсіністік пен қоғамдық келісімді нығайту, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік пен рухани серіктестікті арттыру бағытында мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды. Қатысушылар алдағы уақытта да бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив