Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
518.37 609.97 6.6

Екі өңірдің инвестициялық әлеуеті таныстырылды

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысына жұмыс сапарымен келген Ресейдің Омбы облысының делегациясы Семейдегі Әлихан Бөкейхан университетінде екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Екі өңірдің инвестициялық әлеуеті таныстырылған жиынға Омбы облысы Үкіметі төрағасының орынбасары Андрей Шпиленко, облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов қатысты.

Шара барысында Омбы облысы Үкіметінің, өнеркәсіп және кәсіпкерлік, жастар саясаты, мәдениет, туризм, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері баяндама жасап, өз өңірлерінің мүмкіндіктерін таныстырды. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы Айбек Рахымбеков аймақтың экономикалық, өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуеті туралы айтты. Сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралар жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Жиын соңында Омбы облысы Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Абай облысының кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы, Омбы облысының Өнеркәсіп және сауда министрлігі мен Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы арасындағы өнеркәсіп саласындағы әріптестік жөніндегі келісімдерге қол қойылды. Аталған келісімдер шекара маңы аймақтарының тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз етіп, екі өңір арасындағы экономикалық байланыстың дамуына тың серпін бермек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив