«Бесқарағайдың інжу-маржанын сақтайық» экологиялық акциясы өтті

Бесқарағай ауданында табиғатты қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі шаралар жалғасын табуда. Атап айтқанда, Шипалы көлдің жағасында «Бесқарағайдың інжу-маржанын сақтайық» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты — Шипалы көлдің жағалауын қоқыстан тазартып, оның табиғи сұлулығын сақтау, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық сана-сезімді арттыру.
Іс-шара аясында Бесқарағай ауданы жастар ресурстық орталығының директоры Арыстан Сабыров экологиялық акцияның маңыздылығына тоқтала өтті.
Акцияға ауданның белсенді еріктілері, жастар ұйымдары, оның ішінде «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері қатысты. Жалпы саны 30-ға жуық адам жұмылдырылып, табиғат аясындағы тазалық пен тәртіпке үлес қосты.