Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.57 612.78 6.61

Көлік министрлігі елдегі барлық асфальт-бетон зауыттарын тексеріп жатыр

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Министрлік асфальт-бетон зауыттарының жұмысын (АБЗ)  тексеріп, бақылауды күшейтті. Инспекциялық жұмыстарды автомобиль көлігі комитетіне қарасты жол активтерінің ұлттық сапа орталығы жүзеге асырып жатыр.

Бүгінгі таңда еліміздегі 431 зауыттың 382-сі, яғни 89% тексеруден өтті. Астана, Шымкент қалалары мен Алматы, Жетісу, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе облыстарындағы барлық жұмыс істеп тұрған АБЗ толық қамтылды.

Тексеру барысында асфальт-бетон зауыттары және зауыт зертханаларының қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі жан-жақты зерделенді. Әсіресе, сапа қызметіне жауапты мамандардың болуы, жол құрылысы материалдарын сақтау және тасымалдау ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, сапаны бақылау бойынша технологиялық регламенттердің бар-жоғы бағаланды.

Инспекция қорытындысы бойынша бірқатар АБЗ-ға қызметін жетілдіру және жаңғырту жөнінде нақты ұсыныстар берілді. Бұл алдағы уақытта зауыттардың қажетті сапа деңгейіне шығуына мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта қалған зауыттар да дәл осындай тексеріс жұмыстарымен қамтылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив