Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Облыс әкімі Парламент Мәжілісінің депутаты Таңсәуле Серіковпен кездесті

4-07-2025, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәли Парламент Мәжілісінің депутаты Таңсәуле Серіковпен кездесті.

Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындарды толғандырған маңызды мәселелер талқыланды.

Аймақ басшысы облыста инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге, жылу, су, электр желілерін жаңғыртуға, жолдарды жөндеуге, әлеуметтік нысандар салуға, инвестиция тартуға және ауыл шаруашылығы, туризм салаларын дамытуға басымдық беріліп отырғанына тоқталды.

Парламент Мәжілісінің депутаты бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының зардаптарын жоюға, тұрғындарға жеңілдіктер беруге, ауылдағы халықтың тұрмысын жақсартуға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетуге және жергілікті оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қатысты ойларын ортаға салды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив