Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.87 535.09 5.42

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Жастар форумына қатысуда

4-07-2025, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл күндері Қазақстан делегациясы Әзірбайжанда өтіп жатқан ЭЫҰ апталығы аясындағы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Жастар форумына қатысуда.

Форумға ұйымға мүше тоғыз елден келген делегаттар қатысуда. Олардың қатарында жас көшбасшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, ЭЫҰ лауазымды тұлғалары мен сарапшылар бар.

Іс-шара барысында экономикалық және сауда ынтымақтастығы, жастар кәсіпкерлігі мен цифрлық экономика, тұрақты даму, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияның ЭЫҰ аймағындағы рөлі талқылануда.

Халықаралық кездесудің басты мақсаты — жас көшбасшылардың өңірлік маңызды мәселелер мен шешім қабылдау үдерістерімен танысуы, мүше мемлекеттер жастары арасындағы ынтымақтастықты дамыту және өзара ой алмасу, сондай-ақ тарихи және мәдени байланыстарды нығайту.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив