Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.51 611.83 6.6

Дүниежүзілік полиэтиленнен бас тарту күніне орай «ECOMAF» зауытына баспасөз туры өтті

Бүгін, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Жасыл даму» АҚ бірлесіп, Астана қаласындағы пластикалық қалдықтарды қайта өңдеп, экологиялық таза саябақ жиһазын шығаратын «ECOMAF» ЖШС зауытына пресс-тур ұйымдастырды.

«ECOMAF» ЖШС – 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қазақстандық өндірістік компания. Бұл кәсіпорын елімізде алғашқылардың бірі болып полимер қалдықтарын құммен араластыра отырып қайта өңдеу технологиясын енгізді. Бұл әдіс арқылы қалалық инфрақұрылымға арналған берік әрі ұзаққа шыдайтын бұйымдар өндіріледі.

Компания өнімдері табиғи таспен салыстыруға келетін жоғары беріктікке ие, вандализм мен тозуға төзімді, ылғалға, коррозияға және биологиялық ыдырауға ұшырамайды. Сондай-ақ -60°C-тан +70°C-қа дейінгі температурада өз қасиеттерін сақтап, экологиялық әрі ұзақ мерзімділігімен ерекшеленеді. Кәсіпорын 30% өңделген полимер мен 70% құмды араластыру арқылы жыл сайын 100 тоннаға дейін пластикалық қалдықты қайта өңдейді. Бұл – қоршаған ортаға түсетін салмақты азайту және Қазақстанда тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету ісіне қосылған елеулі үлес.

Мемлекеттік экологиялық бастамалардың операторы ретінде «Жасыл даму» АҚ айналмалы экономиканы дамытуға және қалдықтарды азайтуға бағытталған жобаларды қолдайды. «ECOMAF» ЖШС зауытын жаңғыртуға көрсетілген қолдау өңдеу көлемін ұлғайтуға, өнім сапасын арттыруға және оны Қазақстан бойынша кеңінен таратуға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив