Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.51 611.83 6.6

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы аграршыларға астық жеткізуге форвардтық келісімшарттар бойынша 17,3 млрд теңге төледі

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық астық операторы астықты форвардтық сатып алу шарттары бойынша ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландыруға 17,3 млрд теңге бағыттады. Күзде фермерлер Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ресурстарына 335 мың тонна дәнді және майлы дақылдарды жеткізуі тиіс. 

2025 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша ауыл шаруашылығы өндірушілері 241,5 мың тонна көлемінде қатты және жұмсақ сұрыпты бидай, 54,2 мың тонна көлемінде арпа жеткізуге келісімшарттар жасасты. Өткен жылмен салыстырғанда майлы дақылдар тұқымын сатып алу екі есеге – 38,9 мың тоннаға дейін ұлғайды, оның ішінде 18 мың тонна күнбағыс, 18,8 мың тонна зығыр және 2,1 мың тонна рапс.

Ағымдағы науқан шеңберінде елдің негізгі астық егетін өңірлерінің ауыл шаруашылығы өндірушілері форвардтық сатып алулармен қамтылды. Форвардтық келісімшарттар бойынша қаржыландыруды 194 шаруашылық алды. Өңірлер бөлінісінде дәстүрлі түрде Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары көш бастап тұр, олардың үлесіне тиісінше 7,4 млрд теңге, 4,8 млрд теңге және 4 млрд теңге тиесілі.

Биылғы жылы егіс алқаптарын әртараптандыру міндетін ескере отырып, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы форвардтық қаржыландыру лимиттерін қайта қарады. Атап айтқанда, бидай сатып алу үлесі 80%-ға дейін төмендеді, бұл ретте майлы дақылдар өсіруге маманданған фермерлерді қаржыландыру көлемі едәуір кеңейтілді. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашевтің айтуынша, мұндай тәсіл аграрлық өндірістің неғұрлым орнықты моделін дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.

«Фермерлер үшін қаржыландыруға қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар олардың өнімі әділ бағамен сатылатынына сенімді болу маңызды. Форвардтық сатып алу бағдарламасы қаржылық жүктемені азайтуға және шаруашылықтардың табыстылығын сақтауға көмектеседі. Бұл, әсіресе, өзгермелі климат пен нарықтағы баға тұрақсыздығына қатысты. Мұндай қолдау шаралары фермерлерге дамуға, ал мемлекетке – тұрақты азық-түлік қорларын қалыптастыруға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті корпорация басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив