Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.51 611.83 6.6

Азияны бағындырған Абай облысының жас гроссмейстері

Кеше, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Тәжікстан астанасы Душанбеде шахматтан Батыс Азия чемпионатында 13 елден келген үздік спортшылар бақ сынады.

Қазақстан құрамасы сапында Абай облысының намысын қорғаған Думанұлы Сұлтанбейбарыс классикалық шахмат бойынша алтын медаль жеңіп алып, 16 жасқа дейінгі санатта құрлық чемпионы атанды.

Бұл — тек бір турнирдегі жеңіс емес, жас спортшының жүйелі еңбегі мен тұрақты дамуының нәтижесі. 15 жастағы Сұлтанбейбарыс бұған дейін де халықаралық аренада өзін талай мәрте таныта білді: 13 жасында Азия чемпионатында мектеп оқушылары арасында топ жарса, бүгінде 34 елдің, соның ішінде FIDE туы астында өнер көрсетіп жүрген Ресейдің мықты шахматшыларын артта қалдырып, сенімді жеңіске жетіп жүр.

Жас чемпионның бұл жетістігі — оның жеке шеберлігімен қатар, бапкерлер құрамының, атап айтқанда бас жаттықтырушы Б.Хабдестің кәсіби еңбегінің нәтижесі.

Қазіргі таңда Сұлтанбейбарыс жаңа сын-қатерлерге дайындалуда. Алда — Ташкент пен Абу-Дабиде өтетін халықаралық шеберлік турнирлері, ал қазан айында — жылдың басты шахмат оқиғасы саналатын Әлем чемпионаты (Албания).

Думанұлы Сұлтанбейбарысты жарқын жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да сәттілік, шығармашылық серпін және зор сенім тілейміз. Жас спортшының табандылығы мен таланты Абай облысының ғана емес, тұтас Қазақстанның атын әлемдік шахмат сахнасында асқақтата беретініне сенім мол.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив