Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Мемлекет басшысы бокстан Әлем кубогының финалына барды

7-07-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жанкүйерлермен бірге тамашалады.

Қазақстанда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогына қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.

Турнирде Қазақстан құрамасының үздік былғары қолғап шеберлері бақ сынады. Назым Қызайбай, Махмұд Сабырхан, Бекзат Нұрдәулетов, Виктория Графеева, Наталья Богданова және Санжар Тәшкенбай World Boxing кубогының алтын медалін жеңіп алды, ал Нұрбек Оралбай күміс жүлдеге ие болды. Бұған дейін Сағындық Тоғамбай, Аида Әбікеева, Айдана Забынбекова қола жүлдеге қол жеткізді.

Мемлекет басшысы ұлттық құрама боксшыларымен әңгімелесті.

– Жеңістеріңіз құтты болсын! Бокспен тек мықты, күш-жігері мол адамдар шұғылданады. Бұл – ерекше спорт. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мемлекет әрқашан сіздерді қолдайды. Қазақстанда бокстың келешегі зор болатынына ешқандай күмәнім жоқ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив