Қорғаныс министрінің орынбасары Мәскеуде жұмыс сапарымен болды
Ынтымақтастық жоспарына сәйкес Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволарының консультациялары қорғаныс министрлері орынбасарлары деңгейінде өтті.
Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов пен генерал-полковник Александр Фомин екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сапар аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Ресейдің жоғары әскери оқу орындарында оқитын қазақстандық әскери қызметшілермен кездесті.
Ол әскери пәндерді игеру үдерісіне, курсанттардың күн тәртібін, оқуын және мәдени демалысын ұйымдастыруға баса назар аударды. Министрдің орынбасары оларға оқуды аяқтағаннан кейін берілетін басымдықтар туралы айтты.
Тағыда оқыңыз
АнықтамаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіҚазақстанда білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз етілгенҚорғаныс министрлігінде Қарулы күштердегі заңдылық пен құқық тәртібінің мәселелері талқыландыАстанада Қазақстан-Ресей саяси консультациялары өтті