Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Абай облысында 13 ауыл алкоголь саудасынан бас тартты

11-07-2025, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылы өңірімізде 13 ауылдық жерлер алкоголь өнімдерін сатудан және тұтынудан толық бас тартқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бауыржан Садақбаев баяндады.

- «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында қылмыстың алдын алу бағытында арнайы шаралар  қарқынды жүзеге асырылуда. Солардың қатарында мас күйінде жасалатын қылмыстарды болдырмау мақсатында аудандар мен ауылдарда алкоголь өнімдерін сатуға және тұтынуға шектеу қойылуда. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде ауылдық жерлерде құқықбұзушылық деңгейі айтарлықтай төмендеді, - деді Бауыржан Садақбаев.

Облыс аумағында жалпы  1551 бейнебақылау камерасы орнатылған. Биыл тағы 380 камера іске қосылды. Қауіпсіздікті арттыру үшін бет-әлпетті танитын 86 заманауи камера, дрондар, «Сергек-Қорғау» және «Кибер-шериф» жүйелері қолданысқа енгізілген.

- Бүгінде басқарма қызметкерлері халықпен тығыз байланыс орнатуда.  Барлық интернет платформаларында байланыс арналары ашылып, азаматтардың  полиция қызметкерлерімен кез-келген уақытта  хабарласа алуға мүмкіндік жасалған.Сонымен қатар,  құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында әлеуметтік желілерде профилактикалық видеолар мен түсіндіру материалдары тұрақты жарияланып тұрады, - деп қорытындылады спикер.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив