Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семейде «Мен - аспаншыл ақынмын» атты кездесу кеші өтті

7-04-2023, 16:02 018.kz

Бүгін Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада Абай облысы білім басқармасының инновациялық-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар Одағының Абай облыстық филиалының төрағасы, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Абай облыстық мәслихатының депутаты, ақын Мерей Қартпен кездесу өтті. 

Әдебиет пен өнерге сусындаған жас өрендер мен мектеп оқушылары поэзия үзінділерін оқыды. Сондай-ақ, Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училище студенттері музыкалық көріністі сахналады. 

Шара барысында қонақтар назарына ақын өмірі мен шығармашылығынан виртуалды көрме ұсынылып, арнайы әзірленген залға шоқтығы биік туындылар мен кітаптар қойылып, көрме ұйымдастырылды. 

Жастар қызығушылығын арттыру мақсатында «Қарашықтағы құбылыстар» кітабының электронды нұсқасын оқуға мүмкіндік беретін QR-код оқырмандарға таныстырылды. 

Кеш барысында көрермен ойын білу үшін  арнайы квилт орнатылып, жылы лебіздер мен ұсыныстар қағазға жазылып, тақта бетіне ілінді. Ақынның Азамат Серікұлы есімді шәкірті арнау оқып, көрермен ықыласына бөленді. Оқушылар Мерей Мейртайұлына өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Кездесу соңында ұйымдастырушылар тарапынан ақынға құрмет көрсетіліп, Алғыс хат табысталды. 

«Бүгін студенттермен және мектеп оқушыларымен бір тамаша кеш болды. Керемет әсердемін! Жан-жақты тыңғылықты дайындалған екен. Азғантай уақытқа созылған шарада шығармашылығымның басым бөлігін қамтыды. Әдебиетке уақыт бөліп жатқан жандарды қалай осыдан соң сыйламайсың?», - деп атап өтті Мерей Қарт.

Естеріңізге сала кетейік, бұл шара «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілді.

Наргиз АЙДЫН

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив