Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Алакөл жағалауының инфрақұрылымын түбегейлі жаңартуға 958 млн теңге бөлінді

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында 2018 жылдан бері жөндеу көрмеген Алакөл жағалауында биыл аймақ басшысы Берік Уәлидің тапсырмасымен Туризм басқармасы құрылып, ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Тозған инфрақұрылымды түбегейлі жаңартуға облыстық бюджеттен 958 млн теңге бөлінді.

Көктемде Арбат алаңын жөндеуге, жаңа қоғамдық кеңістік құруға, жағалауды абаттандыруға 658 млн теңге бөлінген болатын. 

Жағажай аумағында 25 киім ауыстыру кабинасы, 50 қоқыс контейнері, 2 биодәретхана, 10 санитарлық торап орнатылып (маусым соңына дейін 18-ге дейін жеткізіледі), жеті пирстің үшеуі салынды. Сонымен қатар жарықтандыру жүргізіліп, құтқару мұнаралары қойылды.

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тапсырмасымен қосымша 300 млн теңге қарастырылды. Оның ішінде 141,6 млн теңгеге Кабанбай ауылында өрт сөндіру депосының құрылысы, 57,7 млн теңгеге көл жағалауында құтқару станциясы салынады. Тағы 100 млн теңге туристік аумақты дамытудың бас жоспарын әзірлеуге бағытталған.

Өңір басшысы Берік Уәли жыл басынан бері Алакөлге бірнеше рет барып, ескірген инфрақұрылымға көз жеткізгенін, туристердің шағымы орынды екенін атап өтті. Әкім көлдің келбетін түбегейлі өзгертіп, оны алдағы уақытта Түркия мен Мысыр жағалауларымен тең деңгейге жеткізуді мақсат етіп отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив