Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

«Өңір» депутаттық тобының сенаторлары өңірлердегі жұмыстың жаңа форматтарын талқылады

7-04-2023, 16:33 Думан Кенжеғазыұлы

Сенатта «Өңір» депутаттық тобының отырысы өтіп, онда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер белгіленді.

Отырыс жұмысын ашқан «Өңір» депутаттық тобының төрағасы Серік Шайдаров өңірлерді дамыту Сенат жұмысындағы басты бағыт екенін баса айтты. Сондықтан топ мүшелерінің алдында жүйелі проблемаларды анықтау және оларды шешуге шоғырлану міндеті тұр. Осы орайда, сенатор атап өткендей, өңірлерді белсенді аралап, ауыл тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету маңызды.

«Қазір «Өңір» депутаттық тобы жаңартылған құрамда жұмысын жандандыруда. Сенат – ел аймақтарының мүддесін қорғайтын Палата екенін білесіздер, сондықтан өңірлік мәселелерді шешу мәселелері бірінші орынға қойылады. Бұл бағыт біздің депутаттық топ үшін басым бағыт болып табылады. Өңірлерден сайланған сенаторлар ретінде біз үшін өңір тұрғындарының күнделікті бетпе-бет келетін мәселелерін іс жүзінде шешуге баса назар аудару маңызды. Біз жүйелі түрде өңірлерді аралап, азаматтармен кездесіп, жүйелі мәселелерді шешуге заңнамалық қолдау көрсету үшін мәслихаттармен белсенді әрекеттесетін боламыз», - деді Серік Шайдаров өз сөзінде.

Сонымен қатар, отырыс барысында депутаттар алдағы уақытта өтетін «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» отырысын, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен іс-шараны талқылады.

«Мемлекет басшысы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Осы орайда шағын және орта бизнесті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы әзірленетіні, оған депутаттардың белсене атсалысуы керектігі айтылды. Жалпы, біздің депутаттық топ өңір тұрғындарының мәселелерін шешуде нақты нәтижелерге қол жеткізуі керек. Бұл депутаттық топ жұмысының басты нәтижесі болуы керек», – деді Айнұр Арғынбекова.

Отырыстың қорытындысы бойынша «Өңір» депутаттық тобы барлық мүдделі мемлекеттік органдарға жолданатын ұсыныстар дайындады.

Суретті түсірген: Н. Байбулин

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив