Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Абай облысында ауыл шаруашылығы санағына дайындық басталды

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Кеңейтілген аппараттық кеңесте 2025 жылы ауыл шаруашылығы санағын дайындау және өткізу барысы туралы Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті басшысы Берік Терлікбаев баяндады.

2025 жылғы ұлттық ауыл шаруашылығы санағы Мемлекет басшысының тапсырмасы мен Үкіметтің қаулысына сәйкес биыл 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтеді. Санаққа облыс бойынша 665 заңды тұлға, 112 жеке кәсіпкер, 10 281 шаруа қожалығы, 65 412 үй шаруашылығы қатысады деп жоспарланған.

Санақ екі кезеңмен өтеді. Бірінші кезең 2025 жылғы 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн форматта жүргізіледі. Екінші кезеңде 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін интервьюерлер планшет арқылы сауалнама жүргізеді. Бұл кезеңде облыста 35 нұсқаулық учаске, 148 интервьюер және 29 нұсқаушы жұмыс істейді.

Аймақ басшысы аудан және қала әкімдеріне санақтың сапалы өтуін, санақшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуын жеке бақылауларына алуды тапсырды.

Кеңейтілген кеңесте отбасының цифрлық картасында «Д» және «Е» санаттарындағы отбасылар санын қысқарту жөніндегі жоспардың орындалуы туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбекқызы баяндады.

Отбасының цифрлық картасы 2023 жылдан бастап енгізілді. Бұл жүйе отбасылардың әл-ауқат деңгейін автоматты түрде бағалап, 5 санатқа бөледі. Бүгінде картада 203,4 мың отбасыға біріктірілген 612,8 мың адамның деректері бар. Абай облысында 2025 жылғы 29 мамырдағы жағдай бойынша D және Е санаттарындағы отбасылар саны 5 265-ке азайған.

Мемлекеттік органдар, қалалар мен аудандардың әкімдіктері осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, дағдарыс және шұғыл санаттағы отбасылардың ұлғаймауын қатаң бақылауға алып, оларды азайту жөніндегі ай сайынғы жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етулері қажет.

Облыс әкімі қала-аудан әкімдеріне цифрлық карта деректерін өзектендіру бойынша нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, балалар туралы мәліметтерді білім беру базасымен сәйкестендіру, сақтандыру төлемдері бойынша деректерді жаңарту, NEET жастарын азайту бағытында жұмыс істеу, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың төлемін бақылауды жүктеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив