Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Үкімет Абай облысына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын

Бүгін, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгінгі естіген қуанышты жаңалықтарымыздың бірі - Абай облысына Үкімет жан-жақты қолдау көрсетеміз деп отыр.

Таңертең өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысының дамуына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. 

Ол жаңадан құрылған облыстың республикалық бюджеттен алатын қаржысы жеткіліксіз екенін ашық айтып, оның көлемін ұлғайту керектігін Үкімет мүшелеріне нақты тапсырды.

«Үкімет мүшелеріне айтатыным – Абай облысын қолдау керек. Жаңадан құрылған облыс. Қаржы көлемі жеткіліксіз. Оның бәрін ескертіп, көбейту керек», – деді Үкімет басшысы.

Бұл пікір Абай облысының әкімі Берік Уәлидің 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жөніндегі баяндамасынан кейін айтылды. 

Яғни, өңірдің даму қарқыны, жетістіктері мен шешімін күткен түйткілдері Үкімет назарына ұсынылып, нақты шешімдер қабылдана бастады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысының құрылуы – тарихи әділеттің орнауы ғана емес, сонымен бірге экономикалық және әлеуметтік жаңғыруға жол ашатын қадам. Дегенмен кез келген жаңа әкімшілік бірлік алғашқы кезеңде іргесін бекітуге, инфрақұрылымын қалыптастыруға, қызметтерді жүйелеуге қаржылай әрі институционалдық қолдауды қажет етеді. 

Премьер-министрдің бүгінгі мәлімдемесі – осы қажеттілікті дер кезінде танып, орталық пен өңір арасындағы үйлесімді саясатты қамтамасыз етуге бағытталған қадамдардың бірі деп қабылдадық. Абай облысына көрсетілетін бұл қолдау – өңір халқының әл-ауқатын арттыруға, инвестиция мен бизнес мүмкіндіктерін кеңейтуге, әлеуметтік нысандарды жақсартуға жол ашады. Ендігі кезек – бұл мүмкіндікті тиімді пайдалануда. 

Қазірдің өзінде аймақ басшысының бастамасымен облыстық бюджетіміз қайта қаралып, ең қажет деген жерлерге берілуде. Ол әрине апатты деп танылған білім ошақтары мен әлеуметтік нысандарға. Бастысы Үкіметтің біздің өңірге деген көзқарасы түзу екен. Ұзағынан сүйіндірсін!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив