Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Абай облысы прокуратурасының бастамасымен ашық сот отырысы өткізілді

7-04-2023, 18:01 018.kz

Облыс прокуратурасының бастамасымен Семей қаласының №2 сотында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны бас бостандығын айыру жазасына ауыстыру туралы көрсеткіштік процесс өткізілді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі болып табылады. 

Көбінесе қылмыстарды бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар жасайды. 

Осыған байланысты, облыс прокуратурасының бастамасымен сотталған Д.-ның бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ашық сот отырысы өткізілді.

Процесске бас бостандығын шектеу жазасымен пробация қызметтерінің есебінде тұрған 15 сотталған қатысты. 

Сот отырысында сотталған Д.-ның кезекті тіркеуге келмегені, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны, пробациялық бақылаудан жалтарғаны анықталды. 

Сот бас бостандығын шектеу түріндегі өтелмеген жаза мерзімін бас бостандығынан айыру жасасына ауыстырып, жазаны орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді тағайындады. 

Өз қаулысын жария еткеннен кейін төрағалық етуші судья О.С. Несыпханов қатысып отырған сотталғандарға құқықтық актілердің нормаларын түсіндірді.

Көрсеткіш процесті сотталғандардың қайталама қылмыс жасағанның және қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарын сақтамаудың салдарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған.

Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив