Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Абай облысында Республикалық олимпиадада үздік жас геологтар марапатталды

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы Геологиялық барлау колледжінде II Республикалық жас геологтардың далалық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Олимпиадаға еліміздің әр өңірінен 15 команда қатысып, 9–11 сынып оқушылары геология саласындағы білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдады. Қатысушылар далалық лагерь құрудан бастап, минералогия, палеонтология, гидрогеология, шлихты сынама алу, геологиялық қима жасау сияқты бағыттар бойынша сайысқа түсті.

Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсіміне ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров, ҚР ҰҒА академигі Серікбек Дәукеев, сондай-ақ Абай облысы Білім басқармасы басшысының м.а. Бауыржан Туленов қатысты.

Бір аптаға созылған байқаудың қорытындысы бойынша Астана қаласының «Альтаир» командасы I орынға ие болды.
Қазақстан құрамасының «Аспан» командасы II орынды еншілесе, Қостанай қаласының «Геобайт» командасы III орынға лайық деп танылды.

Олимпиадада ерекше көзге түскен оқушылар жеке номинациялармен марапатталды. «Үздік жас геолог» атағы:

• Алина Блохина (Қостанай облысы)
• Артем Трещев (ҚР құрама командасы)
• Еркеназ Оразалы (Астана қаласы)

Бірқатар қатысушы еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының білім гранттарына ие болды:

• КБТУ гранты «Жетісу» командасының мүшесі, Талдықорған қаласынан келген Бақберген Бекарысқа табысталды;
• Satbayev University грантын Блохина Алина (Қостанай), Дейно Платон (Семей), Жұмашев Әлихан және Омаров Аслан (Астана) иеленді;
• ҚарТУ гранты Ақтөбеден келген Соловьенко Аннаға бұйырды.

Жас геологтардың байқауы Геология комитетінің бастамасымен, сондай-ақ Kazakhmys, ERG, Kazzinc, Yer-Tai, Геокен, «Алел» ҚИК, Эмбамунайгаз, ProLabSupport, Solidcore Resources сияқты сала серіктестерінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив