Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.37 542.16 6.14

Үкіметте ТКШ тарифтерін қайта қарау себебін түсіндірді

16-07-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Елімізде коммуналдық кызметтердің бұған дейін болжанған тарифтері  қайта қаралып, төмендетілді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихаты барысында Премьер-министр мәлімдеді. Олжас Бектенов бұл шешім инфляция қысымын азайтып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қабылданғанын атап өтті.

Тарифтердің өсу қарқынын тежеу алдын ала жоспарлаған түзетулердің бір бөлігін кейінге қалдыру, ұзақмерзімді қаржыландыруды тарту, монополистердің операциялық шығындарын қайта қарау сынды бірқатар шаралар есебінен мүмкін болды. Қабылданған шаралар нәтижесінде тарифтердің өсу қарқынын айтарлықтай баяулату жоспарланып отыр.

«Тарифтердің өсуі жалғасады. Бұл күрделі мәселе. Бірақ Үкімет бұл туралы ашық айтып отыр және тарифтерді нарықтық деңгейге келтіру саясатын жүргізуде. Тарифтердің ұзақ уақыт бойы қатаң реттелуі және ТКШ-ға инвестиция салуға мүлде мүмкіндік болмағаны 2022 және 2023 жылдары Екібастұздағы, Риддердегі апаттарға әкелді. Егер біз қыста үйімізде тұрақты түрде жылу, жарық, су болып, инженерлік желілер дұрыс жұмыс істесін десек, тарифтердің өсу жолымен жүруге тура келеді. Нәтижесінде тарифтердің өсу қарқыны 35%-дан 20%-ға дейін төмендейді. Егер биыл өсім тіркелсе, жыл соңына дейін қайтадан қымбаттау болмайды», — деп атап өтті Премьер-министр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив