Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Абай облысында бойы ерекше ұзын сарбаз әскери борышын өтеуде

Бүгін, 10:09 018.kz

Абай облысындағы әскери бөлімдердің бірінде ең бойшаң сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. 

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Әуе шабуылына қарсы 31767-Л әскери бөлімінің сарбазы Арман Қайыржановтың бойы 2 метр,  8 сантиметр. Аяғына 50-ші өлшемдегі аяқ киім киеді.

Қатардағы жауынгер Арман Қайыржанов Павлодар облысы, Екібастұз қаласының тумасы. Сарбаздың отбасы да бойшаң екен. Оның ата-анасы, апайы мен қарындасы да көпшілік арасында бірден көзге түсетін көрінеді.

- Отбасымызда ата-анамның да бойлары ұзын. Ұзын бойлы болу маған еш қиындық тудырмайды. Отан алдындағы борышымды өткеруге де еш кедергі жоқ, - дейді Қайыржанов.

Арманға кез келген кереует сай келе бермейді. Сондықтан әскери төсекке 50 см қосып ұзартуға тура келген.  Ал әскери киім мен аяқ киімді арнайы тапсырыспен тіктіртіпті.

Арманның жасы қазір 19-да екенін ескерсек алдағы уақытта оның бойы тағыда өсуі мүмкін. Оның бойы мектепте де, колледжде де ең ұзын болыпты. Сондықтан баскетбол ойынына қызыққан көрінеді. 

- Бойымның ұзын болғаны өзіме ұнайды. Оған бола еш алаңдамаймын. Әскерге дейін 4 жыл баскетбол ойнадым. Соңғы жылдары Екібастұз қаласының намысын қорғадым, - дейді сарбаз.

Айта кетейік, Арман әскерге дейін қала әкімшілігі тарапынан «Екібастұз қаласының ең ұзын адамы» деген грамотамен марапатталған. Ол тіпті өз туған жерінің ғана емес, еліміз бойынша ең бойшаң жігіт екеніне сенімді. 

- Дәрігерлер еліміз бойынша ең ұзын адам екенімді айтты. Солай болуы да мүмкін. Тағы өсетін шығармын, - деген ол әскер қатарына өз еркімен келгенін, Отан алдындағы парызын өтеу әрбір азаматтың міндеті және қасиетті борышы екенін атап өтті.  

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив