Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Облыс әкімі тазалық жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Бүгін, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының өңірде іске асырылуы бойынша мәжіліс өтті. Жиында тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару, қоқыс полигондарын ретке келтіру, заңсыз қоқыс үйінділерін жою мәселелері қаралды.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асқар Тұмарбек күнтәртібіндегі мәселеге байланысты жүргізілген мониторинг қорытындысын баяндады.

Облыстың қала-аудандары аумағында 170 тұрмыстық қатты қалдықтар (ҚТҚ) полигоны тіркелген. Алайда олардың тек 6-ы ғана заңнама талаптарына толық сәйкес келеді және тиісті рұқсат құжаттарына ие. ҚТҚ шығарумен айналысатын 16 арнайы ұйым жұмыс істейді. Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша облыста 10 бағдарлама әзірленді.

2023-2025 жылдарға арналған экологиялық іс-шаралар жоспарына сәйкес Бородулиха, Жарма, Үржар, Абай және Ақсуат аудандарында 6 ҚТҚ полигонын салу көзделген. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде.

Ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес облыс аумағында 30 заңсыз қоқыс орны анықталды. Қазіргі таңда бұл орындарды жою жұмыстары басталды.

Мәжілісте барлық қала-аудан әкімдері, полиция департаменті және «Amanat» партиясының өкілдері тазалық жұмыстары бойынша ақпарат берді.

Аймақ басшысы қала-аудан әкімдеріне «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмысты жалғастырып, қоқыс полигондарын бақылауға алып, ретке келтіруді тапсырды. Тазалық шараларына партиялық және қоғамдық бақылауды күшейту, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, арнайы ескерту тақтайшаларын орнату, заң талаптарына сәйкес айыппұл салу және бейнебақылау камераларының санын арттыру қажеттігін айтты.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарып жатқан жұмыстарыңызды атап өткім келеді. Осы бағыттағы жұмысымызды қарқынды түрде жалғастыруымыз қажет. Өздеріңіз жақсы білесіздер, биыл Абайдың 180 жылдығы. Мерейтойға аз уақыт қалды. Өңірімізге көптеген қонақтар келеді. Сондықтан тазалық шараларына ерекше мән беруіміз керек»,- деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив