Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Облыс әкімі су шаруашылығы қызметкерлерін марапаттады

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай осы салада ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетті.

Аймақ басшысы су саласының маңызына тоқталып, еңбек адамдарының рөлін ерекше атап өтті.

«2019 жылдан бастап жыл сайын 9 шілде күні республика деңгейінде су шаруашылығы қызметкерлері күнін атап өту дәстүрге айналды. Мемлекет басшысы ирригация жүйелері және жалпы су шаруашылығының дамуына баса назар аударып, саланы дамытудың маңызды екенін бірнеше рет айтып өтті. Арнайы министрлік құрылды. Байтақ даламызда күні-түні кезекшілікте тұрып, су саласына қалтқысыз қызмет еткен мыңдаған жұмысшының еңбегі елеусіз емес. Еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында сіңіріп жатқан табанды әрі жанқияр еңбектеріңіз ерекше құрмет пен алғысқа лайық деп есептейміз. Су шаруашылығы саласының болашағы жұмысшылардың қажырлы еңбегімен құрылып келеді. Елді мекендер, егістік алқаптары мен өнеркәсіп нысандары тіршілік нәрімен қамтамасыз етіліп отыр. Сіздерді үлкен марапатпен шын жүректен құттықтаймын», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы «Қазсушар» РМК «Абай» филиалы Жарма өндірістік учаскесінің су беруді реттеушісі Бауыржан Қайыңбаев пен «Қазсушар» РМК «Абай» филиалы Ақсуат өндірістік учаскесінің техник-гидрометрі Нұрлан Рамазановқа мемлекеттік награданы табыс етті. Олар Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.

Облыста су шаруашылығы саласында 900-ге жуық маман еңбек етеді. Қазіргі таңда өңірде 6 су қоймасын, 10 гидротехникалық нысанды салу және 17 ирригациялық жүйені қайта жаңғырту көзделіп отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив