Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.2 629.64 6.34

Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыс тереңдей түсуде

17-07-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

15 шілде күні Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь мырзамен кездесу өтті.

Кездесу барысында қос тарап архив, кітапхана, реставрация және ғылыми зерттеу бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Елші Хань Чуньлинь мырза Қытай мен Қазақстан – тамыры терең, тарихы өзара сабақтас, сан ғасырлардан бері достықта өмір сүріп келе жатқан көрші елдер екенін айтты. Сонымен қатар, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы үшін Қытай тарапымен бірлесе жұмыс істеудің маңызы зор екенін жеткізді.

Сондай-ақ іс-шара аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі сөз сөйлеп, Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік архив басқармасы арасында архив ісі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту 2025–2027 жылдарға арналған бекітілген жоспарын орындау туралы пікірін білдірді.

Қонақтар Орталықтың қызметімен танысып, ғылыми сапарлар мен тәжірибе алмасу бағытында бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив