Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қорғаныс министрі Астанада әскери емхананы салтанатты түрде ашты

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Енді жаңа мекенжайда жұмыс істейтін емхананың бөлімшесі күніне 300-дей пациентті қабылдауға және әскери қызметшілерге, курсанттарға, кадеттерге, оған қоса олардың отбасы мүшелері мен ардагерлерге қызмет көрсетуге дайын.

Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің, Тыл бастығы басқармасының басшылығы, филиалдың, Бас әскери клиникалық госпитальдің жеке құрамы және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

Әскери дәрігерлерді айтулы оқиғамен Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов құттықтады. Ол емхананың жаңа орналасқан жері әскери қызметшілердің отбасылары, сондай-ақ Қарулы күштер ардагерлеріне ыңғайлы орналасқанын атап өтті.

– Қорғаныс министрлігі Бас әскери клиникалық госпиталінің бөлімшесі мыңдаған әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне білікті көмек көрсете отырып, әскери амбулаториялық қызмет жүйесінде жетекші орын алады. Ғимаратқа күрделі жөндеу, қайта жоспарлау жұмыстары жүргізіліп, заманауи жабдықтар сатып алынды, – деді ведомство басшысы.

Бұдан өзге ол әскери емхананың алдында жаңа мүмкіндіктер ашылатынын да атап өтті.

– Біздің тараптан жағдай жасалды, сіздердің ендігі міндеттеріңіз медициналық көмек көрсету сапасын жаңа сатыға көтеру. Сіздердің кәсіби істеріңіз, қамқорлықтарыңыз әскери қызметшілеріміздің денсаулығына ғана емес, моральдық рухына да әсер етеді. Сенімді ақтап, әскери медицинаның беделін арттыру және оның қоғамдағы имиджін көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деп сенемін, – деді Қорғаныс министрі.

Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов пен «Қарулы күштер ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов салтанатты жағдайда лентаны кесті.

Іс-шара соңында рәсімге қатысушылар дәрігерлік бейінге сәйкес жабдықталған және пациенттерге алғашқы көмек көрсету үшін қажет бейінді мамандардың қазіргі талаптарға сай келетін кабинеттерді аралап шықты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив