Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

«Асыл Түлік» базасында асыл тұқымды ірі қара мал өсіруге арналған халықаралық семинар өтті

Бүгін, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ-ның еншілес кәсіпорны – «Асыл Түлік» ЖШС алаңында асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығының өзекті мәселелеріне арналған халықаралық семинар өтті. Шара барысында малдың генетикасы, азықтандырылуы мен көбейтілуі тақырыптарына баса назар аударылды.

Семинарға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері Күнсұлу Закарья мен Зүлфия Сүлейменова, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» басқарма төрағасы Айгүл Ахмеджанова, сондай-ақ Қазақстан, Франция, Германия және Түркия елдерінен келген сарапшылар мен мамандар қатысты.

Қатысушылар қазақтың ақбас тұқымының даму перспективаларын талқылады. Бұл тұқым – еліміздің етті ірі қара шаруашылығындағы негізгі бағыттардың бірі. Халықаралық сарапшылардың баяндамалары ерекше қызығушылық тудырды.

Франциялық FASEP ұйымының маманы Ги Шарбоннье ауыл шаруашылығы жануарларын көбейтуге арналған инновациялық технологияларды таныстырып, олардың Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктерін атап өтті. Оның әріптесі Арно Бретт ірі қара малды ұтымды азықтандыру стратегияларын ұсынып, өнімділікті арттыру, шығынды азайту және экологияға әсерді төмендету жолдарын баяндады.

Ветеринариялық сарапшы Пьер Ковелье Франция мен Грузиядағы жобаларға негізделген мал денсаулығын сақтау бойынша практикалық тәжірибесімен бөлісті. Ал Германиялық Уве Веддеге (KFM жобасының жетекшісі) тұрақты сүтті мал шаруашылығы саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға арналған тұжырымдамаларын ұсынды.

Түркиялық делегация Қазақстанмен АӨК саласындағы табысты екіжақты ынтымақтастыққа назар аударып, селекция, азықтандыру және көбейту бойынша озық тәжірибелерді бірлесіп енгізу бастамаларын талқылады. Бұл тәсілдер мал шаруашылығының тұрақты дамуына ықпал ететіні атап өтілді.

Қазақстандық тарап ет бағытындағы ірі қара малды азықтандырудың заманауи әдістеріне шолу жасап, тұқым ерекшеліктері мен жасына бейімделген теңгерімді рациондардың маңызын атап өтті. Мұндай тәсілдер ет өнімділігі мен сапасын едәуір арттырып, отандық мал шаруашылығының ішкі және халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді.

Семинар асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытында тәжірибе алмасу, ғылыми тәсілдерді талқылау және нақты практикалық шешімдер әзірлеу үшін тиімді диалог алаңына айналды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив