Қазақстанның энергетика секторында киберқауіпсіздік жөніндегі технологиялық консорциум жұмысын бастады

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен цифрлық трансформацияны жүзеге асыру және ӨЭК-тің маңызды инфрақұрылымының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттер аясында Қазақстан Республикасы отын-энергетика кешенінің «Ситуационно-аналитикалық орталығы» акционерлік қоғамы базасында негізгі ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі операциялық орталықтармен бірлесіп коммерциялық емес технологиялық Консорциум құрылды.
Консорциум құрамына өз ресурстарын бөліп, заманауи киберқатерлерден ӨЭК нысандарын қорғау ісінде мемлекетпен күш біріктіруге дайын екенін білдірген еліміздің жетекші ақпараттық қауіпсіздік орталықтары кірді.
Консорциумның ағымдағы кезеңдегі негізгі міндеттері – энергетика секторының барлық маңызды объектілерінде киберқауіпсіздікке кешенді аудит жүргізу, сондай-ақ олардың қорғалуын қамтамасыз етуге арналған бірыңғай нормативтік талаптар мен стандарттарды әзірлеу. Бұл киберқатерлерге қарсы тұрақты әрі бейімделгіш жүйе қалыптастыруға негіз болады және цифрлық қауіпсіздік саласындағы заманауи сын-қатерлерге жоғары дайындық деңгейін қамтамасыз етеді.
Бұл – Қазақстанның технологиялық егемендігін нығайту және экономиканың стратегиялық маңызды салалары үшін бірыңғай киберқауіпсіздік жүйесін құру жолындағы маңызды қадам.
Құрылған бірлестіктің ашық сипаты атап өтіледі. Консорциум цифрлық кеңістіктегі ұлттық мүдделерді қорғау мақсатын бөлісетін жаңа қатысушыларды қосылуға шақырады. Қатысушылар үшін консорциум құрамына кірудің нақты әрі ашық механизмдері көзделетін болады.
Консорциум қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына және әріптестік қағидаттарына толық сәйкестікте жүзеге асырылады. Қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен барлық қатысушылардың тиімді өзара іс-қимылына ерекше назар аударылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Консорциумның құрылуы ӨЭК-тің маңызды инфрақұрылымын қорғаудың сенімді жүйесін қалыптастырудағы маңызды кезең болатынына сенім білдіреді және мүдделі қатысушыларды бірлескен жұмысқа шақырады.