Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өңірдің өркендеуіне үлес қосқан тұлғаға құрмет көрсетілді

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан ардақты ақсақал, Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха және Тарбағатай аудандарының Құрметті азаматы, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Болат Сапорұлын мерейлі жасымен құттықтады.

Еңбек жолын Ақсуат ауданындағы «Комсомол» колхозында механизатор болып бастаған ол ауыл шаруашылығы саласында мол тәжірибе жинап, дамытуға күш салды. 1990 жылдары Бородулиха ауданының экономикасын реформалау кезеңінде білім беру мен денсаулық сақтау нысандарын сақтап қалуға ерекше үлес қосты. Жезкент тау-кен байыту комбинатының жұмысын кеңейтуге, Тасбел орманын қорғау және оған резерват мәртебесін беруге атсалысты.

Аймақ басшысы Болат Сапорұлының өңірдің өркендеуіне зор үлес қосқанын атап өтті.

«Құрметті Болат Сапорұлы! Сізді мерейлі 85 жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Туған өңіріңіздің дамуына, әсіресе Ақсуат пен Бородулиха аудандарының өркендеуіне қосқан өлшеусіз еңбегіңіз үшін бүгінгі ұрпақ Сізге шынайы ризашылығын білдіреді. Жастайыңыздан елге қызмет етуді өмірлік мұрат етіп, еңбекқорлықтың, парасаттылықтың, табандылық пен адалдықтың жарқын үлгісін көрсеттіңіз. Өзіңіз басқарған жылдары жүзеге асқан игі істер бүгінде өңірдің берекелі тіршілігінің берік негізіне айналды. Елге сіңірген еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып келеді. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, әулетіңізге амандық пен бақ-береке тілеймін!»-, деді аймақ басшысы.

Болат Сапорұлы ширек ғасырлық қажырлы еңбек жолында ауыл шаруашылығын реформалауға, әлеуметтік нысандарды сақтап қалуға, білім мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға зор үлес қосты. Аудан басшысы және мәслихат хатшысы ретінде көптеген игі істердің бастамашысы болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив