Қорғаныс министрлігінен велосипедттер сыйланды
Семейде XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жиынының бірінші орын иегерлері, Абай облысының «Абай қырандары» әскери-патриоттық клубының 15 сарбазы салтанатты түрде марапатталды.
Абай облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде мекеме бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Қанат Шәріпханов жас жауынгерлерге Қорғаныс министрлігі тарапынан берілген велосипедттерді табыстап, алдағы уақытта да жастарға толағай табыстарға жетулеріне тілектестік білдірді. Салтанатты шарада әскери-патриоттық клуб жетекшілері мен ата-аналар сөз алып, жас жауынгерлердің ерік-жігерлеріне ризашылықтарын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен айдың 22-28 маусым аралығында Ақтөбе облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған жастардың XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өткен болатын.
Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен жиналған командалар бір апта бойы зияткерлік, шығармашылық және әскери-қолданбалы сайыстарда бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша өңірлер номинациясы бойынша Абай облысының «Абай қырандары» әскери-патриоттық клубы жеңіске жетті.
Түркістан облысының «Жас қыран» командасы екінші орынды иеленді. Ал үшінші орынды Түркістан облысының «Арыстан» және Павлодар облысының «Қайсар» клубтары иеленді.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі