Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

138 кәсіпкер «Бір ауыл – бір өнім» жобасының көмегімен бизнесін дамытуда

Кеше, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы (БАБӨ) кәсіпкерге жергілікті тауарды экспорттық әлеуеті бар танымал брендке айналдыруға көмектесе отырып, ауылдағы шағын бизнесті дамытудың драйверіне айналуда. Финалистер маркетингтік қолдау мен 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік грантқа ие болады.

БАБӨ жобасын ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Жергілікті және локальды ресурстардан өнім өндірушілерді қолдау» бағыты шеңберінде іске асыруда. Оның басты мақсаты – жергілікті шикізаттан әр өңірдің ерекшелігін көрсететін сапалы өнім шығаратын ауылдық өндірушілерді анықтау және қолдау.

2023 жылдың басынан бері «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған өңірлік көрмелерге қатысуға 2500-ден астам кәсіпкер өтінім беріп, 2000-нан астамы өз өнімін ұсынған екен. 138 финалист таңдалған. Бұлар 700-ден астам өнім түрін шығаруда. 78-іне қаржы бөлінген. Жобаның финалистері үшін 100-ден аса орау және логотип брендінің дизайны жасалды. 2025 жылғы 17 шілдедегі өңірлік көрмелер 14 облысты қамтыған. 140 жартылай финалист оқудан өтіп, әр өңірдің жеңімпаздары анықталатын соңғы кезеңге дайындалуда. Жыл соңына дейін Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы, Түркістан, Жамбыл мен Батыс Қазақстан облысында бірқатар көрме өтпек.

БАБӨ жобасы қалай жұмыс істейді:

өңірлерде өтінімдер қабылданып, көрмелер өткізіледі, онда жергілікті өнімдер таныстырылады;

көрмеде жобаның критерийіне ең сай келетін 10 қатысушы (жартылай финалистер) таңдалып, бұдан әрі өңірлік бренд-комитеттер финалистерді іріктейді;

жобаның финалистеріне оқыту және маркетингтік қолдау көрсетіліп, брендингке: логотипті, қаптаманы және тауарлық белгіні әзірлеуге көмектеседі;

жобаның финалистері өнімдерді республикалық және халықаралық көрме/жәрмеңкелерде ұсынуға мүмкіндік алып, сондай-ақ 5 млн теңгеге дейін гранттық қаржы конкурсына қатысады.

Өнімдерге қарапайым, бірақ маңызды талап қойылады:

Жергілікті шикізатты пайдалану;

Қарапайым өндіріс технологиясы;

Өңірге тән ерекшелік (дәмі, пішіні, тарихы);

Құрамының қауіпсіздігі;

Кейбір сырттан әкелінген компоненттерді пайдалануға жол беріледі.

Финалға өңірлік көрмеге қатысқаннан кейін өте алады. Онда өнім 10 балдық шкала бойынша бағаланады. Содан кейін бренд комитеті үздіктердің үздігін анықтайды. Жеңімпаздар тек грант иесі болып қана қоймай, сонымен қатар өз өнімін өңірден халықаралық нарыққа дейін жеткізетін жаңа деңгейге көтеріле алады.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы жай ғана байқау емес. Бұл жергілікті кәсіпкерге, өңір экономикасына, өңірлік ерекшелікті нығайтуға қосылған үлес.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив