Абай облысында Мемлекет Басшысының атынан ауызашар берілді
Кеше, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан Абай елінде ауызашар берілді.
Ауызашарға облыстың барлық қалалары мен аудандарынан қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, еңбек ардагерлері мен дін қызметкерлері, мешіт жамағаты мен жастар қатысты. Сонымен қатар, шараға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Ғұламалар кеңесінің және республикалық ақпараттық тобының мүшесі Сансызбай Құрбанұлы арнайы келіп, дін және дәстүр сабақтастығы, отбасы құндылықтары тақырыптар төңірегінде ақпарат берді.
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жұртшылықты Рамазан айымен құттықтап, шараның басты мақсаты халқымызды жақсылыққа, береке-бірлікке, қайырлы іс жасауға шақыру екендігін атап өтті.
Сөзінің соңында өңір басшысы елімізге береке мен бірлік, ынтымақ пен табыс тіледі.