Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қызыл Кордон шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өтті

Кеше, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Қызыл Кордон шағын ауданындағы су құбырына байланысты туындаған мәселе бойынша тұрғындардың шағымын ескеріп, жағдаймен жеке танысу үшін арнайы барған болатын. Тұрғындар әлеуметтік желіде аумаққа су құбыры тарту жұмыстары барысында асфальт жабындысының алынып, кейін қалпына келтірілмегенін айтып, наразылық білдірген еді.

Семей қаласы әкімдігінде Қызыл Кордон шағын ауданы тұрғындарымен кездесу өтті. Жиынға Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері қатысты. Себебі су құбыры желісін тарту жобасының тапсырыс берушісі – аталған басқарма.

«Өздеріңізбен өткен кездесуде айтқанымдай, бүгін қайта жүздесіп отырмыз. Бұл – тұрғындар көтерген мәселені жауапты басқармамен бірге талқылап, нақты шешім қабылдау үшін жасалып отырған қадам. Басқарманың тарапынан кеткен олқылықтар бар. Сондықтан жауапты тарап жұмыстарды уақытында аяқтап, бақылауға алсын. Жағдай бақылаусыз қалмайды. Жолдар қалпына келтіріліп, келесі жылдың орташа жол жөндеу жоспарына енгізіледі», – деді Бекжан Бапышев.

Кездесу нәтижесінде тиісті басқарма мен бөлімдерге, мердігер ұйымға кемшіліктерді тездетіп қалпына келтіру керектігі айтылды.

Және бүгін Боровая көшесінде жол тегістеу жұмыстары басталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив