Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.2 629.64 6.34

Қазақстанда диқандарға су беруді жақсарту үшін жыл басынан бері 780 шақырым канал тазартылды

24-07-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылдың басынан бері Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК филиалдары егіс алқаптарына су жеткізуді тиімдірек ету үшін 780 шақырым каналды механикалық әдіспен тазартты.

Биыл барлығы 2 011 шақырым каналды тазарту жоспарланып отыр. Кестеге сәйкес, қалған 1 231 шақырым каналды механикалық жолмен тазарту жұмыстары вегетация кезеңінен кейін жалғасады.

Каналдарды тазартудың басты мақсаты – суару жүйелерінің тиімділігін арттыру және судың шығынын болдырмау, бұл әсіресе су ресурстары шектеулі жағдайларда маңызды.

«Шаруа қожалықтарына тұрақты су жеткізу үшін 517 гидротехникалық нысан жөнделіп жатыр. Суару кезеңі басталғанға дейін 78 құрылым жөнделді. Қалған 439 нысанды вегетация кезеңі аяқталғаннан кейін тиісті жағдайға келтіру жоспарда бар. Барлық жұмыс жыл соңына дейін аяқталады», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Құрылыс-монтаждау және тазарту жұмыстарында жаңа арнайы техника белсенді қолданылып жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК-ның республика бойынша барлық филиалын жаңа құрал-жабдықтармен және автокөлікпен жарақтандыруды жалғастырып келеді. Бүгінгі таңда мекеме филиалдары жоспарланған 757 арнайы техниканың 524-ін алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив