Cемей37°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Облыс әкімі инвестиция тарту бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырды

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен отырыс өтті. Жиында өңірге инвестиция тарту мәселесі қаралды.

Өңірге инвестиция тарту бойынша Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахимбеков баяндады.

Басқарманың мәліметінше, өңірде экономиканы дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және басым салаларға инвестиция тарту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға құны 2,8 трлн теңге болатын, 9 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейтін 39 жоба енгізілді. Биыл соның 9-ын іске қосу жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 31 млрд теңге. Нәтижесінде 752 жаңа жұмыс орны ашылады. Оның ішінде Семей қаласында 5 жоба бар.

Бұдан бөлек жалпы құны 388,2 млрд теңге болатын, 4 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейтін 24 жобадан тұратын өңірлік инвестициялық пул қалыптастырылды. Оның ішінде 2025 жылы жалпы құны 11,9 млрд теңге болатын 222 жұмыс орнын құратын 5 жобаны іске асыру жоспарланған.

Алайда өңірдің бірқатар аудандарында инвестиция тарту бойынша жұмыс тиісті деңгейде жүргізілмей отыр. Аймақ басшысы қала, аудан әкімдеріне инвестиция тарту бағытындағы жұмысты жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

«Бұл – Президенттің бақылауында тұрған мәселе. Сол себепті аудан-қалалардың инвестиция тарту бойынша атқарып жатқан жұмыстары нақты индикаторлар бойынша ай сайын бағаланатын болады. Бекітілген кестеге сай қарап, қадағалап отырамыз»,- деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив