Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақстан мен Түркіменстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтып келеді

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхаммед Андаков бастаған бизнес-делегация Ашхабад қаласында болды.

Делегация құрамында машина жасау, автомобиль өнеркәсібі, тау-кен металлургия, жеңіл және құрылыс өнеркәсібі және басқа да салаларда жұмыс істейтін 20-ға жуық компанияның өкілдері болды.

Сапар барысында делегация Түркіменстанның жетекші кәсіпорындарының, соның ішінде Gok Saray, Aklar (тоқыма компаниясы) және Erte фабрикасының жұмысымен танысты. Сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі түркімен компанияларымен B2B кездесулері өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Berk Önüm жеке кәсіпорны мен Intago Kazakhstan арасында полиэфир және полипропилен талшықтарын жеткізу туралы келісімге қол қойылды.

Одан бөлек, сапар барысында М. Андаков Түркіменстан Темір жол көлігі, Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері, «Түркіменгаз» және «Түркіменмұнай» мемлекеттік концерндері, сондай-ақ Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдерімен кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында екі елде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив