Cемей-20°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
501.02 597.27 6.59

Облыста түнгі рейд басталады, ата-аналар жауапқа тартылуы мүмкін

28-07-2025, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында 27-29 шілде аралығында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шара өтеді. Бұл туралы Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бауыржан Садақбаев хабарлады.

Шара аясында тәртіп сақшылары түнгі уақытта көшеде немесе ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастырады. Сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмағандарға дәмханаларда, компьютерлік клубтарда және ойын-сауық орталықтарында болуға, ал 23:00-ден кейін — үйден тыс жерде ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз жүруге заңмен тыйым салынған.

– Рейд барысында полиция қызметкерлері қаланың аулаларын, саябақтарын, скверлерін, сондай-ақ жастар жиі жиналатын орындарды тексереді. Мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың және қоғамға жат әрекеттердің алдын алу. Сонымен қатар, алкоголь ішіп, тыныштықты бұзған, ұсақ бұзақылық жасаған жасөспірімдерді анықтап, олармен профилактикалық әңгіме жүргізіледі, – деді Бауыржан Садақбаев.

Полиция департаменті ата-аналарға өз балаларының қайда жүргеніне бейжай қарамауға және олар үшін толық жауапкершілік алуға шақырады. Егер кәмелетке толмағандар заңға қайшы жағдайда ұсталып жатса, олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік шаралар қабылдануы мүмкін.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив