Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

Шығыста барлаушылар жиыны өтуде

29-07-2025, 10:54 018.kz

Абай өңірлік гарнизонында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерінің барлаушылары далалық оқу-жаттығу жиынына қатысуда.  Далалық оқу жиынына Абай, Өскемен, Павлодар және Үшарал гарнизондарынан 500-ден астам әскери қызметшілер жұмылдырылған.

Жиын «Шығыс» оқу полигонында ағымдағы жылдың 8 тамызына дейін өтеді. Іс шара барысында қатысушылармен ату, тактикалық және арнайы даярлық, әскери топография бойынша сабақтар өткізіледі. Далалық жиын барысында атыс қаруларынан күндізгі және түнгі атулар жүргізіледі. 

30217 әскери бөлімі Барлау батальоны командирінің орынбасары капитан Елдос Асанның айтуынша, жиын барлаушылардың білім деңгейлерін, дағдыларын және біліктіліктерін тексеру, сондай-ақ бөлімшелердің жауынгерлік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылуда.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив