Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанның күміс көмей әншісі десантшыларға Отанды сүюді әнімен жеткізді

9-04-2023, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Елорданың десанттық-шабуылдау бригадасында демалыс күні әлемге әйгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин мерзімді қызметтегі сарбаздармен кездесті.

Атақты әнші Сүндет Байғожин әскери қызметшілерге өзі жайлы және үлкен сахнаға қалай келгені туралы айтып берді. Ол Қостанай облысының Арқалық қаласында дүниеге келген, Қазақ ұлттық музыка академиясын бітірген. Италияның Йези қаласында тағылымдамадан өтіп, Озима қ. Accademia  D'Arte Lirica опералық ән айту курсын бітірген.

Талантты орындаушы Нью-Йорктегі Карнеги холлда, Берлин филармониясының сахналарында, Париждегі Шанз Элизада, Венадағы Концертхауста және әлемнің басқа да үлкен концерт залдарында өнер көрсетті.

Әскери бөлімде Сүндет Байғожин элиталық әскерлердің қызмет ету шарттарымен танысып, оларға арнайы әлемдік классика жауһарлары мен танымал заманауи хиттерді орындап берді. Әсіресе көрермендерге "Отан" әнінің шырқалуы ерекше әсер етті. Оның керемет дауысы Отанды қорғауға әрқашан дайын жауынгерлердің рухын асқақтатты.

Сүндет Байғожин осы күні әскери қызметшілермен бірге Қарулы күштер туралы имидждік роликке түсті. Сондай-ақ, вокалист ән айтуға қабілеті бар сарбаздарды таңдады. Ол Адай Жахия, Әлімжан Ермеков, Асылбек Сапаров және Есіл Сержанұлымен бірге Мүсілім Магомаевтың теңіз туралы "Синяя вечность" атты танымал әнін шырқады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив