Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Десантшылар жоғары сынып оқушылармен қызметтің қыр-сырын бөлісті

25-02-2023, 18:54 Думан Кенжеғазыұлы

Іс-шараға қаланың барлық аудандарынан үш жүзден астам жоғары сынып оқушылары, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары мен жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері қатысты. 

Алматы қаласындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамасымен танысу казармадан басталды. Жасөспірімдерге мерзімді қызметтегі сарбаздардың тұрмысы көрсетілді. Олар мектеп оқушыларымен төсек жинау, аяқ киімді тазалау және киімді ұқыпты бүктеу сияқты әскердегі лайфхактарымен бөлісті.

– Әскери-патриоттық тәрбие ол – мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушылар әскердегі қызмет туралы көп біле бермейді. Біз оларға сарбаздардың қалай өмір сүріп жатқанын, қызметін көруге, сондай-ақ мұнда қандай әскери-есептік мамандықтарын алуға болатыны туралы білуге мүмкіндік береміз. Десанттық-шабуылдау әскерлеріндегі қызмет жас жігіттің әлеуетін ашады. Ол өзіне деген сенімділікті арттыруға, нағыз адал достар табуға, жалпы айтқанда Отанның нағыз қорғаушысы болуға мүмкіндік береді, – деді әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бақытжан Қырғызалиев. 

Әскери қызметшілер қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына әуе-десанттық кешеніне экскурсия ұйымдастырды. Онда десантшылардың парашютпен секіруге қалай дайындалатынын көрсетіп, парашютті төсеу бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. 

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қоян-қолтық ұрысының тәсілдерін, кедергілерді еңсеруді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді қалай үйреніп жатқандарын көрсетті. 

Әскери бөлімнің алаңында жоғары сынып оқушылары қару-жарақтың, әскери техниканың заманауи үлгілерімен және арнайы жасақ бөлімшелерінің киімдерімен танысты. Мергендердің қарулары мен граната атқыштар ұлдардың қызығушылығын тудырды. Нұсқаушылар олар туралы егжей-тегжейлі айтып беріп, тіпті қолымен ұстап көруге мүмкіндік берді.

 – Бүгінгі күнге дейін әскер туралы көп біле берген жоқпын. Бірақ бүгін мен бәрін өз көзіммен көріп, сарбаздармен сөйлесіп, Десанттық-шабуылдау әскерлеріне қызмет етуге бел будым. Әскерде қызмет еткеннен кейін менде ЖОО-на грантқа түсу мүмкіндік болатынын білдім,– деді оқушылардың бірі Әділ Нұрпейісов. 

Экскурсия соңында әскери қызметшілер қару-жарақпен өзін-өзі қорғау әдістерін көрсетті. Ол мектеп оқушыларының қызығушылығын оятып, қошеметтеріне бөленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив