Абай облысында 23 мектеп директоры конкурссыз тағайындалды

Абай облысында мектеп директорлары корпусы кезең-кезеңімен жаңарып келеді. Бұл – Оқу-ағарту министрлігі бастамасымен жүзеге асып жатқан республикалық «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының нәтижесі.
Жобаның мақсаты – жаңа форматтағы, заманауи ойлайтын, тиімді басқару қабілеті бар мектеп басшыларын даярлау. Іріктеу нәтижесінде резервке енген үміткерлер мектеп директорлары қызметіне конкурссыз тағайындалады.
2023 жылы жоба аясында 15 маман резервке алынып, оның 13-і мектеп директоры болып тағайындалды. 2024 жылы 11 үміткерден 7-еуі жұмысқа кірісті. Қалған үшеуі 20 тамызға дейін тағайындалады деп жоспарланып отыр.
2025 жылы жобаның үшінші кезеңінен 27 кандидат өтті. Олар алдағы уақытта облыс мектептеріндегі бос директорлық қызметтерге ұсынылады.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, білім сапасын арттырудың негізгі бағытының бірі – тиімді басқару жүйесін құру және кадрлық резервті дамыту.