Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Мемлекеттік кеңесші білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қатысты жиын өткізді

Кеше, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Жиында білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының мазмұнын байытуға және оның сапасын арттыруға мүмкіндік беретін тәсілдер мен ұстанымдар талқыланды.

Басқосуда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының басшысы Нәзипа Аюбаева баяндама жасады. 

Мемлекеттік кеңесші педагогтердің алдағы Тамыз кеңесінде мектептердегі тәрбие жұмысын одан әрі жетілдіруге арналған тақырыптық алаңдар ұйымдастыруды тапсырды.

Бұл ретте Ерлан Қарин тәрбие жұмысына жан-жақты қарап, мемлекет, мектеп және ата-ана бірге атсалысуы қажет екеніне назар аударды. Сонда ғана бұл жұмыс табысты болады.  

Жиын соңында мемлекеттік органдарға барлық білім беру мекемелеріне біртұтас тәрбие бағдарламасын енгізу жұмысын жалғастыру туралы тапсырма берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив