Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Қанат Бозымбаев Қызылорда облысының шаруаларымен кездесті

Кеше, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министр Олжас Бектеновпен бірлескен жұмыс сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан және Қызылорда облыстарындағы су шаруашылығы нысандарын тексеруді жалғастырып, жергілікті шаруалармен  кездесулер өткізді.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге Сырдария, Қазалы, Қармақшы және Жалағаш аудандарындағы шаруа қожалықтарына барып, ауыл шаруашылығы саласының қазіргі ахуалымен танысты.

Қанат Бозымбаев Сырдария ауданындағы күріш, бидай және жоңышқа өсірумен айналысатынын «Мағжан и К» шаруашылығына барды. Мұнда суармалы суды тиімді пайдалану және су шығынын азайту үшін лазерлік жер тегістеу технологиясы енгізілген. Қазіргі таңда ауданға жоспарланған 674,2 млн текше метр судың 458,5 млн текше метрі немесе 68%-ы жеткізілген.

Қазалы ауданында вице-премьер «РЗА» компаниясында болды. Мұнда 200-ден астам адам жұмыс істейді. Шаруашылық күріш, жүгері және жоңышқа егеді. Егіс «Басықара» және «Қызылой»  каналдары арқылы суарылады. Ауданда егін шаруашылығымен айналысатын 9 кәсіпорын бар. Вегетациялық кезең басталғалы бері келісімшарттарда көзделген 295,03 млн текше метр судың 259,6 млн текше метрі немесе 88%-ы жеткізілген. Шаруашылықтарға Төтенше жағдайлар министрлігі сорғы қондырғыларын алып беріп, қосымша қолдау көрсетуде.

Одан кейін Қанат Бозымбаев «Басықара» су торабының жұмысымен танысып, шаруашылық басшыларымен кездесуде халықаралық келісімдер жөнінде ақпарат берді.

«Көрші елдермен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде, вегетациялық кезеңді сәтті аяқтау үшін су көлемі жеткілікті болады деп күтілуде. 15 тамызға дейін Өзбекстаннан секундына 200 текше метр, Қырғызстаннан 150 текше метр су жеткізіледі», — деді Қ.Бозымбаев.

Сондай-ақ вице-премьер Қармақшы және Жалағаш аудандарындағы суармалы жерлердің жай-күйімен танысып, «Жаңажол» және «Таң LTD» кәсіпорындарын аралады.

Әр ауданда фермерлер арасында мониторинг және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс топтары құрылған. Аймақта суды тиімді пайдалану мақсатында 320-дан астам сорғы қондырғысы іске қосылған. Егістіктің 98%-ы  5 магистральдық және 3 шаруашылықаралық канал арқылы кестеге сәйкес суарылуда. Жағдай Үкіметтің тұрақты бақылауында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив