Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Облыс әкімі өңірдегі интернет сапасын жақсартуды тапсырды

Бүгін, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте интернетке қолжетімділікті жақсарту мәселелері қаралды.

Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлының мәліметінше, облыстағы 252 ауыл, яғни 77%-ы сымды және мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. Өңірдегі 93 елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желісі бар. 233 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту қажет.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Қазақстан Республикасы бойынша 2991 ауылдық елді мекенді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту көзделген. Бұл тізімде облысымыздың 179 ауылдық елді мекені де бар. Жоба аясында 2027 жылға қарай өңірдегі ауылдық елді мекендерді интернетпен қамту көрсеткіші 96%-ға дейін жеткізіледі.

Сонымен қатар, облыс аумағынан өтетін республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда интернет пен мобильді байланысқа қолжетімсіз учаскелер бар. Ұлттық жоба аясында республикалық маңызы бар автожолдар бойында 40 антенна-діңгек құрылысын салу көзделген. 2027 жылдың соңына дейін барлық негізгі жолдар мобильді интернетпен толық қамтылатын болады.

2023 жылы Абай облысында шалғай елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында Жол картасы бекітілді. Осы Жол карта шеңберінде жергілікті әкімдіктер мен жеке инвестиция есебінен 23 антенна-діңгек құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 15 антенна-діңгек пайдалануға берілді, 4-еуі жеке қаржы есебінен салынды. Қалған 8 ауылда құрылыс және жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Аймақ басшысы жиында облыстағы туристік орындардағы интернет сапасын жақсартудың маңызын атап өтті. Цифрлық технологиялар басқармасына байланыс операторларының қызметін қатаң бақылауға алып, сапасыз қызмет үшін заң аясында шара қолдануды, салалық министрлікпен бірлесе жұмыс жүргізіп, нәтижесін ай сайын баяндап отыруды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив