Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.82 627.1 6.78

Мақсат – дәлдік пен жылдамдықты дамыту

Бүгін, 09:21 018.kz

Абай гарнизонының «Шығыс» түраралық оқу-жаттығу полигонында мергендер сайысына қызу дайындық жүргізілуде. Оған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерден іріктеліп келген сұрмергендер қатысуда. Ал бұл жиыннан іріктелген он мерген Ә.Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай өтетін мергендер сайысына қатыспақ. Аталған байрықты бәсеке ҚР Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері арасында тамыз айының соңына қарай ұйымдастырылады. 

Ә. Молдағұлованың 100 жылдығына орай өтетін мергендер сайысы – еліміздің әскери тарихында маңызды орын алады. Осы сайысқа дайындық барысында әскери мергендер полигонда СВД (Снайперская Винтовка Драгунова) қаруынан дәл көздеп, шеберліктерін арттыруда. 

Сайысқа қатысушылардың басты мақсаты – өздерінің тактикалық және техникалық дағдыларын жетілдіру, дәлдік пен жылдамдықты дамыту. Полигонда жүргізілетін жаттығулар барысында мергендер әртүрлі қашықтықтан нысаналарды көздеуді, қаруды дұрыс қолдануды, сондай-ақ, жағдайға байланысты тактикалық шешімдер қабылдауды үйренеді.

Ә. Молдағұлованың батырлығын еске ала отырып, мергендер тек физикалық шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар психологиялық тұрақтылықтарын да нығайтуға тырысады. Олардың әрбір жаттығуы – бұл тек техникалық дайындық емес, сонымен қатар патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті білдіретін іс-шара.

Алда болатын сайысқа дайындалып жатқандардың бірі Үшарал гарнизонындағы 40398 әскери бөлімі мергендер взводының взвод сержанты аға сержант Олжас Әбенов. Ол аталған сайыс барысында мергендер өзара тәжірибе алмасып, командалық рухты көтеруге, бір-біріне қолдау көрсетуге ерекше назар аударатынын айтады.

- Қазақтың даңқты батыры Әлия Молдағұлованың ерлігі мен батылдығы – бүгінгі жас ұрпақ үшін үлгі. Сондықтан, бұл сайыс – тек жарыс қана емес, сонымен қатар тарихты ұлықтау, ұлттық бірлікті нығайту және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызды кезеңі. Алдағы болатын сайыста барлығына сәттілік тілеймін, - дейді О. Әбенов.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив